Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жетісай аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚМКК
Ресми интернет-ресурс

ЖЕТІСАЙДА ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ХОЛЕЦИСТЭКТОМИЯ СӘТТІ ӨТТІ

Жетісай аудандық орталық ауруханасында лапароскопиялық әдіспен холецистэктомия операциясы сәтті жүзеге асырылды.

Бүгінгі таңда холецистит – яғни өт қабының қабынуы, кең таралған аурулардың бірі болып отыр. Оның негізгі себептеріне:
- дұрыс тамақтанбау,
- аз қозғалу,
- ішек таяқшалары мен басқа да инфекциялардың ағзаға түсуі,
- өт жолдарындағы тастардың пайда болуы жатады.

Ауру жиі байқалса да, қазіргі медициналық әдістер арқылы оны лапароскопиялық (қуысты ашпай) жолмен тиімді әрі қауіпсіз түрде емдеуге болады. Жетісай аудандық орталық ауруханасының білікті мамандары осындай күрделі оталарды тұрақты түрде орындап келеді. Операция заманауи технологиямен, науқасқа ең аз зақым келтіретін тәсіл арқылы жасалады.

📣 Құрметті аудан тұрғындары!
Өт қабы аурулары мен асқазан-ішек жолдарының жайсыздықтарын уақытылы емдетіп, денсаулығыңызға бейжай қарамауыңызды сұраймыз.
Ауруды асқындырып алмау – өз қолыңызда!

Біз сіздер үшін тәулік бойы, 24/7 қызмет көрсетуге дайынбыз!

🤝
**Құрметпен,
Жетісай аудандық орталық ауруханасының баспасөз қызметі**