2025 жылғы 23 маусым — Олимпиада күнімен тұспа-тұс келген қуанышты сәт Жетісай аудандық орталық ауруханасында да жалғасын тапты. Аталған күннің маңыздылығына орай дәл осы күні дүниеге келген сәбилерге ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің арнайы құттықтау сертификаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.
Бұл бастама — отбасылық құндылықтарды дәріптеу және ұлт болашағы дені сау, белсенді ұрпақты қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Жетісай АОА ұжымы дүниеге келген нәрестелер мен олардың ата-аналарын шын жүректен құттықтай отырып, әр отбасыға амандық, сәбилерге жарқын болашақ тілейді.
Олимпиада рухымен басталған өмір жолы шуақты сәттер мен жеңістерге толы болсын!
#Олимпиадакүніндетуған
#ЖетісайАОА