Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жетісай аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚМКК
Ресми интернет-ресурс

ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ДОНОР КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 Қан — адам ағзасындағы баға жетпес тіршілік көзі. Өкінішке орай, қанды жасанды жолмен өндіру мүмкін емес. Сондықтан да бүгінгі таңда қан доноры болу — нағыз адамгершіліктің, қайырымдылық пен үлкен жауапкершіліктің көрінісі.

Осы орайда Жетісай аудандық орталық ауруханасында "Донор күні" ұйымдастырылып, ерікті түрде қан тапсыратын азаматтар мен медицина қызметкерлері белсенділік танытты. Шараның басты мақсаты — қан мен оның компоненттеріне мұқтаж жандарға көмектесу, тұрғындар арасында донор болудың маңыздылығын түсіндіру және дені сау адамдарды игі іске жұмылдыру болды.

Қан тапсыру — тек біреудің өмірін құтқару ғана емес, донордың өзінің де ағзасына оң әсер ететінін медициналық зерттеулер дәлелдеген. Бұл қан айналымын жақсартып, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға септігін тигізеді.Шара аясында арнайы мамандар қан алу процесін санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүргізіп, донорларға алғашқы медициналық кеңестер берілді. 

Жетісай аудандық орталық ауруханасы алдағы уақытта да бұл бастаманы тұрақты түрде жалғастырып, денсаулық сақтау саласында қоғамға пайдалы іс-шараларды ұйымдастыруды көздейді.

Құрметті тұрғындар!

Егер сіз де біреудің өмірін сақтап қалуға үлес қосқыңыз келсе, ерікті донор болуға шақырамыз. Сіздің 15 минуттық уақытыңыз — бір адамның бүкіл өміріне айналуы мүмкін.