Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жетісай аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚМКК
Ресми интернет-ресурс

ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Жетісай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып Туреханов Бейбіт Орынбекович тағайындалды. Жетісай қалалық емханасының мәжіліс залында Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдувалиев Асхан Маркабаевич жаңа бас дәрігерді аурухана ұжымына таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Туреханов   
Бейбіт Орынбекович - 1975 жылы 9 шілде күні Қостанай облысы, Есіл қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген.
2000 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетінде медицина факультетін бітірген. Жалпы тәжірибелі дәрігер.
Еңбек жолын:
2003 жылы “Санитас” емдеу сауықтыру орталығында кезекші дәрігері болып бастаған.
2004 жылы неврология бөлімшесінің меңгерушісі;
2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Майдантал ауылдық ауруханасының бас дәрігері;
2008 жылы Түркістан ауданаралық Қан орталығының директоры;
2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының “Түркістан қалалық емханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары және бас дәрігері лауазымдарында қызмет атқарған.
2021 жылы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының “Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері;
2023 жылдан бастап Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Созақ аудандық орталық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы лауазымында қызмет атқарған.
Отбасылы.Невропотолог, трансфузиолог дәрігер, магистр.
 
 Ал, осыған дейін Жетісай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болған Джолдасбеков Нұрлан Өтепбайұлы, енді Кентау қалалық емханасына бас дәрігер болып тағайындалды.
Жетісай ауданының денсаулық сақтау саласын дамыту жолында сіңірген еңбегіңіз үшін алғысымызды айта отырып, жаңа жұмысыңызға абырой, табыс, сәттілік тілейміз!
Халықтың алғысына бөленіп, мерейіңіз үстем болсын!