АПВ инфекциясын жұқтыру жатыр мойны обырын, вульва мен қынаптың, көмей мен ауыз куысының қатерлі ісігін тудыруы мүмкін. Бүгінгі таңда АПВ-ның емі жоқ, алдын алудың жалғыз әдісі - вакцинация.
АПВ-ға қарсы вакцинация қалай жүргізіледі?
- Вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттері арқылы қолжетімді болады. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинацияны тіркелген жері бойынша емханалардан алуға болады. Вакцинация ата-аналардың немесе қамқоршылардың ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. АПВ-ға қарсы вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда дәрігердің қарауынан кейін жүргізіледі. АПВ-ға қарсы вакциналар стандартты 0,5 мл көлемде иықтың дельта түріндегі бұлшықетінің ішіне енгізіледі. Жасөспірім қыздардың арасында АПВ-ға қарсы вакциналаудың арқасында әйелдердің арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендеді. АПВ-ға қарсы вакциналаудың арқасында жатыр мойны обырын жоюға болады.
Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина әйелдердің репродуктивтік функциясына әсер етпейді және бедеулікті тудырмайды, бұл әлемнің дамыған елдердегі көптеген жылдар бойы жүргізілген клиникалық зерттеулерден дәлелденді. Аталған вакцинаға қатысты Жетісай ауданында медицина қызметкерлері М.Горький атындағы мектептің мәжілісінде семинар өткізді. Жиын барысында 2024 жылы АПВ екпесінің есебі мен вакцинаның тиімділігі сөз болды. Атап айтқанда, 2024 жылы Жетісай ауданы бойынша 11 жастағы 1083-ға қыз балаға екпе салынды. Оның екінші дозасын жасына қарай және интервалмен 361 қызбалаға салынып жатыр. Ал, 2025жылы 11 жастағы 998 қыз балаға екпе салу жоспарланып, бүгінгі таңда 156 қызбалаға бірінші дозасы егілді.
Жетісай аудандық орталық ауруханасының баспасөз қызметі