12 мамыр – бар адамзаттың саулығы жолында аянбай қызмет етіп жүрген мейірбикелерге арналған күн. Осыған орай, Жетісай аудандық орталық ауруханасында Мейірбикелер күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Шара барысында аурухананың үздік мейірбикелері арнайы төсбелгілермен марапатталып, еңбектері еленді. Сонымен қатар, қатысушыларға сый-сияпаттар табысталып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Мейірім мен жанашырлықты серік еткен мейірбикелер — адам өмірінің әр сәтіне араша болып жүрген шын мәніндегі қаһармандар. Осындай ұлт саулығына сүбелі үлес қосып жүрген жандарға деген құрмет – әрдайым биік болмақ.