ГКП на ПХВ "Жетысайская центральная районная больница" управления здравоохранения Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

ӨЗ БОЛАШАҒЫҢА ЖАУАПТЫ БОЛ: РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ - СЕНІҢ ҚОЛЫҢДА

 
“Репродуктивті денсаулық апталығы” аясында Жетісай ауданы бойынша түсіндірме және ақпараттық-насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл бастама жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына, ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен таралатын аурулардың алдын алуға бағытталған.
Осындай кешенді шаралар жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына, жан-жақты дамуына және қауіпсіз ортада өсуіне жол ашады.
Жетісай аудандық орталық ауруханасына қарасты психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің ұйымдастыруымен Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гумманитарлық- техникалық колледжінде кең ауқымды, мазмұнды форум өтті. Іс-шара аутоагрессияның алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу, ата-аналар мен балалар арасындағы байланыс, отбасылық құндылықтар, сондай-ақ мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау тақырыптарын қамтыды.
Форумға колледж студенттері мен медицина қызметкерлері қатысып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерге байланысты пікір алмасты. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі, отбасылық қарым-қатынас мәдениеті, ересек өмірге дайындық, жасөспірімдердің психологиялық саулығы секілді бағыттар бойынша тәжірибелі мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.